«Жаңаталап ауылыңың бастауыш мектебі»
2021 жылдың 17 желтоқсан айындағы
бракераждық комиссияның
№2актісі
Комиссия құрамы:
1. Комиссия төрайымы С.Ж. Оспанова– мектеп меңгерушісі.
2. Комиссия мүшелері:
Бастауыш сынып мұғалімі – Айтжанова А.Т.,
Кәсіподақ ұйымының төрайымы – Калиева Л.К.,
ата-аналар комитетінің өкілі – Алибекова К.
Комиссия мүшелері, аспазшы, мектеп асханасында тамақтың сапалы дайындалуын тексеру туралы осы акт жасалды.
Біз комиссия мүшелері мектеп асханасын тексеру барысында басшылыққа алынған критерийлер:
Тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуі.
Мектептегі буфеттік тамақты ұйымдастыруы және тексеру қорытындысы бойынша:
Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы талапқа сай. Азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал уақытылы толтырылған. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшының сырт киімдері санитарлық –гигиеналық талапқа сай. Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген.
Комиссия асхана жұмысын жан – жақты тексеріп, төмендегідей шешімге келді.
Шешімі:
1. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай.
2. Асханадағы тазалық ережелерінің нормалары сақталған.
3. Азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай.
4. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің шығымы өз деңгейінде
Акт сағ. 09сағ.45 мин. құрылды.
Комиссия мүшелері
__________ Айтжанова А.Т
__________ Калиева Л.К.
__________ Алибекова К.
Аспазшы комиссияның актісімен танысты: ___________ Шамахаева А.К