Тақырыбы: Кел, балалар -оқылық !
Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, қанатты сөздер
Барысы
Күй Сәкен Тұрысбеков (Көңіл толқын) баяу қосылады
Мұғалім сөзі
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке
1 қыркүйек-Білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек -барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы мектеп табалдырығын алғашқы аттаған қадамдарыңыз сәтті болсын!
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және Жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл-күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс , мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Әлемде жүріп жатқан (COVID -19) короновирус індетіне ескере отырып, пандемия жағдайына байланысты биылғы оқу жылын өте ерекше оқу жылы деп атап көрсетеміз. Санитарлық-епидемиогологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып , білім аламыз.
Ән ұран
Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені
Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің»- мерекең!
Слайд ( әліппемен таныстыру )
Жалпы «Әліппе» сөзінің қайдан шыққанын? Әу баста араб алфавитінің бірінші әрпі «алиб» пен содан кейінгі әрпі «би»-ден құралған. Екеуінің қосындысынан «Әліппе» сөзі пайда болады. Бұл сөз тілімізге араб жазуы арқылы енді.
«Әліппе» сонау балалық шақтың тәтті естелігі. Алғаш рет қолға қалам ұстатып, әріп танытқан ұстаз бен «Әліппе» оқулығына деген сағыныш әрбір жанның жүрегіне сәуле шашып тұратыны анық. Қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулығының атасы – Ахмет Байтұрсынұлы . «Әліппе» жазумен бірге қазақ графикасын терең зерттеген . Мектеп бітірушілердің төл құжаты атестат болса , сіздердің төл құжаттарыңыз «Әліппе» . Олай болса үлкен үмітпен сіздердің төл құжаттарыңыз , «Әліппе» кітабын салтанатты түрде табыс етуге рұықсат етіңіздер.
Бүгін біздің мерекемізге құрметті қонақтар келді: Бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Сымбат Жанабековна 16 жылдық еңбек өтілі бар. Білім нәрімен сусындатқан өнегелі ұстаз, асыл жар,аяулы ана.
Ұстаздан тілек
Әулетіміздің кішкентайын мектеп табалдырығын аттаған қуанышты күнімен құттықтаймыз. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шық» дей отырып, сабағың «4» пен «5»-ке оқуын тілейміз.
Ата-анаңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүрсін. Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің де білікті Азаматы болып өсе берсін.
Көздеген мұрат – мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер.Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін.
Оқушыларға фарфор музыка сүйемелдеуімен салтанатты түрде әліппе кітабын табыс етеді .
Қорытынды
Құрметті ұстаздар, оқушылар баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және Жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын ! Жаңа бастамаларыңа сәттілік тілеймін!