Тақырыбы: Тіл-асыл қазына.
Мақсаты: Ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту, сөйлеу тілдерін дамыта отырып көркем, шешен сөйлеуге баулу. Кітапханамен байланысты жақсарту.
Ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тіл, кітап туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер жазып ілу. Балаларға арналған басылымдар, кітаптар көрмесі.
Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Тәрбие сағатына шақырылған қонақтармен және жоспарымен таныстыру
Әнұран айту.
Тәрбие сағатының жоспары:
1. Кіріспе сөз
2. «Мозайка» әдісі (Тақырыпты шығару)
3. Оқушылардың тақпақтары
4. «Орамал тастамақ» ойыны (мақал-мәтелдер айтылады)
5. Жұмбақ жасыру (Үш тілділік)
6. Топтастыру
Сүйемін туған тілді анам тілін
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген тыныс үнін. –
деп С. Торайғыров жырлағандай бізге бесікте жатқан күннен бастап құлағымызға сіңген қандай үн?
Бұл әрине, бесік жыры, бізді әлдилеген анамыздың үні, анамыздың тілі. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. 22 – қыркүйек Тілдер мерекесі. Мерекелеріңіз құтты болсын!
«Мозайка» әдісі (Тақырыпты шығару)
Оқушылардың тақпақтары:
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2. Ақыл – ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
3. Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
4. Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
5. Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
7. Жойылмайды, жойылмайды туған тіл.
Тілдің сырын тереңірек бойлай біл,
Жоғалту да, дамыту да тіліңді
Өз қолыңда, соны елім,ойлай біл!
8. Кейбіреулер туған тілін білмейді.
Білмесе де білгісі олар келмейді,
Туған тілін түсінбеген азамат
Өз ұлтының қасиетін сезбейді.
9. Қате болар туған тілін білмесе.
Тілін сатып өзге тілге бой берсе,
Тілін сатып деп айтпасам не дейін?
Туған тілін білгісі де келмесе!
10. Үйрен тілді баста бәрін жаңадан.
Отан тілі әркімге ыстық бір арман,
Ана тілім Қазақ тілін құрметтеу
Бізге аманат қалған мирас бабадан.
«Орамал тастамақ» ойыны
Оқушылар дөңгелене отырып, «Орамал тастамақ» ойыны арқылы тіл туралы
мақалдар мен нақыл сөздер айтады.
1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Тәтті де – тіл, ащы да – тіл.
3. Тіл қылыштан да өткір.
4. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
5. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.
Адам көңілден азады, тілден жазады.
Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.
Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.
Айтпас жерде тілің тарт.
Ана тілі – бәріміздің анамыз,
Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
Ана тілің алпыс тілге татиды.
Ақынның тілі қылыштан өткір.
Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.
Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.
Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.
Әдеп басы – тіл.
Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
Нақыл сөздер.
1. Жақсы сөз бейне шамшырақ,
Орнаған мықтап көңілге. /Ж. Жабаев/
2. Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады
Сөз – ойдың айнасы. /Ғ. Мұстафин/
3. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. Құлаққа жағымды, ойға қонымды келеді. /Б.Момышұлы/
Жұмбақ жасыру (шешуін орыс тілінде айту)
Адамға серік ,
Күзетке берік.
(ит – собака - daq)
Асты тас ,
Үсті тас ,
Ортасында піскен ас.
(нан – хлеб - bread )
Қыста ғана болады ,
Ұстасаң қолың тоңады.
(қар – снег - snow)
Өзі сөйлеу білмейді ,
Салған ізі сөйлейді.
(қалам – ручка - pen )
Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай мен шу.
(түлкі – лиса –fox)
Топтастыру:
Күн сәулесіндегі сұрақтарға жауап беру.
Тіл не үшін керек?
2. Тілдер мерекесі қашан?
3. Тіл туралы заң қашан қабылданды? 1997 жыл 11 шілде
4. Орыс, ағылшын тілін білу қажет пе?
5. Қазақ тіліндегі балаларға арналған қандай басылымдарды білесің?
Қорытынды. Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл жеткізе алмасақ, мұны тіліміздің орамсыздығынан көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет. Қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршін жастардың бір үлкен қателігі бар. Ол мынау: сөйлесе кетсең көпшілігі – ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдердің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбарала келетіні бірден байқалады. Мұның өзі әрине, тілін ұстартуға зер салмағандықтаң белгісі. Тілімізді ұстарту үшін әдеби кітаптарды көп оқып, теледидардан, радиодан сөйлеген дикторлардың сөзіне, ақын, жазушылардың сөз қолданысына назар аударыңыздар.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп, тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,