Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Атқа міну мәдениеті» жобасын шағын ауылда жүзеге асыру .
Жаңаталап ауылы – Ақмола облысы, Бұланды ауданындағы отыз шақты тұрғын үйі бар шағын ауыл. Іргетасы 19 ғасырдың 1929 жылы қаланған. Ауылда бастауыш мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Ауылда бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. «Керей» ш\қ Айтжанов Смағұл, «Бүркіт» ш\қ Нұрмұқанов Бүркітбай, «Қонай» ш\қ Әлібеков Еркебек, «Марат» ш\қ Оспаноа Марат, «Абырой» ш\қ Әлібеков Жанарбек, «Ернар» ш\қ Кенжебаев Мәулет, ш\қ Сүлейменов Оразмұхамет бұл азаматтар еліміздің көркеюіне және мектепке көмектерін аямай өз үлестерін қосуда. Олар егіншаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысуда.
Алғашында ауылымыз «Қонай тау», «Әйнерей», «Баян», «Қара бұлақ» тағы басқа жерлерді , «Қонай» тауының бауырын жағалай жеке-жеке қоныстанған.1929 жылы колхоз құрамына еніп, Жаңаталап атауы берілген.Осы ескі жұрт атаулары қазіргі күнге дейін сақталып, ақсақалдардың, малшылардың аузында айтылып жүр. Колхоз болып құрылған күннен бастап ауыл тұрғындары еңбек етіп келеді.
Кеңес Одағы кезінде елімізге мол астық өсіруде қажырлы еңбек еткен еңбек ардагерлері де аз емес, олар әлі де ел есінде сақтаулы . Әлібеков Әйкен бірнеше жылдар бойы жүгері өсіріп, жүгеріден мол өнім беріп бірнеше медальдармен, құрмет белгісімен марапатталған. Мал шаруашылығында аянбай еңбек етіп, маңдай терлерін төккен Айтжанов Елубай, Темірханов Сүлеймен, Мұқұшев Қамидолла, Оспанов Ботан, Рақымбаев Бейсетай, Жәнібекова Тортай, , Сүлейменов Қайролла ерен еңбектері үшін және де Ұлы Отан соғысы кезінде қосқан еңбектері үшін медальдармен марапатталған. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр аталарымыз Қалиев Әлібай, Құрымбаев Еслямбек, Түменбаев Сәкен ел есінде сақталады. Ауылымыздың тұрғыны Әлібеков Ниязбек, Оспанов Нұрболат Ауған соғысының ардагерлері , бірнеше медальдармен марапатталған. Ауылымызда «Алтын алқа» иегерлері де бар. Олар еңбек ете жүре балаларын өсіріп, тәрбиелеген. Колхоздың сиырын сауып, таңның атысынан күннің батысына дейін жұмыс істеп, отбасының да қамын ойлап, балаларын оқытып, тәрбие бере білген аналарымыздың да елімізге қосқан үлесі зор. Оларды айтатын болсақ Оспанова Қамаш, Ысқақова Ақбөпе, Нұрмұқанова Тұрсын, Қажымұратова Қадиша, Темірханова Әсима, Сүлейменова Камәл, Темірханова Ләззат, Айтжанова Мағрипа, Әлібекова Ғалия, Шашкенова Нағима аналарымыз 10-11 бала тәрбиелеп өсірген. Жаңаталап бастауыш мектебінің басшысы болған Шортанбаева Шолпан Тәуекелқызы туралы айта кетейік. Осы ауылда 35 жыл ұстаз болып, қаншама ұрпақты тәрбиелеп білім берген. Ол кісінің түлектері әртүрлі салада қызмет етіп, өзінің орнын басып, жолын қуған ұстаздар еліміздің әр түпкірінде қызмет көрсеп жүр. Осы айтылған кісілердің ұрпақтары әлі күнге дейін осы ауылда еңбек етіп, балаларын өсіріп, жеткізіп, оқытып, немере-шөбере сүйіп , ауылдың тіршілігімен айналысуда,
2000 жылы қаңтардың бірінші жұлдызында жаңа ғасыр есігін ашып дүниеге келген сәби есімін сол кездегі аудан әкімі Асқарбек Сьезбекұлы Үйсінбаев мырза Ғасыржан деп есім қойды.Бүгінгі күні Отан алдыңдағы борышың өтеп, Отанымызды қорғауда.
Осындай ата-бабаларының жерінде тұрып жатқан ұрпақтары Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған «Атқа міну мәдениеті» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың наурыз айының 19 күні «Тай атқа, ат мұратқа жеткізер» атты «Жабағы үйрету» жарысын өткізді. «Жабағы үйрету» жарысы көрші Біржан сал ауданы, Сәуле айылында өтіп, эстфетаны Бұланды ауданына берген. Бұланды ауданының әкімішілігі біздің ауылда «Жабағы үйрету» жарысы өткізілетінін айтқанда, қанымызда бар қазақылықты, бабадан мирас болған ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсете алуға мүмкіндік бергеніне ауыл тұрғындары қуана қарсы алды. «Жабағы үйрету» жарысын аудан әкімі салтанатты түрде ашты. Имам Әсет Қайратұлы барша қауымға бата тілегін айтып, ақ жаулықты әжелеріміз шашу шашты. Ауданнан, көрші ауылдардан қонақтар келіп, қуанышқа ортақ болды. Ауыл азаматтары «Көкпар», «Аударыспақ», «Жабағы үйрету» , жілік сындыру сияқты ұлттық ойындар көрсетті. «Көкпар» ойынында Республикалық жарыстарға қатысып жүрген Нұрмұқанов Ермұқан және оның командасы жеңіске жетіп, бірінші орын алды. «Жабағы үйрету» жарысына қатысқан мектеп оқушылары Бейсетаев Мирас, Диас, Байкенов Мадияр, Медет, Манас, Садуақасов Дастан, Құсайынов Әлішер, Әйкенов Қуанышбек жүлделі орындарға ие болды, аудан әкімі марапаттап сыйлықтар табыс етті. Өскелең ұрпақты осындай салт-дәстүрімізбен сусындандырып, ұлттық мүддені қастерлеп, Елбасымыз айтқандай үгіт-насихатты күшейтсек, нұр үстіне нұр болар еді.
Айтжанова А.Т.