"Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Жаңаталап ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Жанаталап отдела образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области" 

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ауылым – алтын бесігім» атты тәрбие сағаты.

28.10.2020

Тақырыбы: «Ауылым – алтын бесігім» атты тәрбие сағаты

Сынып жетекші: Қалиева Л.Қ

Мақсаты: Оқушыларға ауыл өмірі жайлы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып өз ауылының мәртебесін көтеруге шақыру. Сөздік қорын молайту, дыбыстарды дұрыс айтуларын қадағалап, түзетіп отыру.

Тәрбиелік мәні: Туған жерін қадірлеп, қастерлеуге Отан сүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, мақал-мәтелдер.

Меңгерілетін сөздер: Отан, туған жер, ауыл, алтын бесік, атамекен, жайлау.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар:— «Ауылым – алтын бесігім».

— Балалар, әр адамның туған жері бәрінен де қымбат, өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды.

— Балалар, ауыл, алтын бесік, туған жер деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Oқушы:— Ауыл – әр адамның ата-тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені.

Оқушы:— Атамекенге деген махаббат, Атамекенге деген сағыныш ауылдан басталады.

Оқушы:— Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан.

Oқушы:— Тіпті Елбасымыздың өзі де ауылдың қарапайым жанұясынан шыққан.

— Жарайсыңдар, балалар.

 Ауыл – әр адамның құтты, киелі мекені. Олай болса барлығымыз өз ауылдарымыз жайында айтып өтейік.

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.Ал осы рухани құндылықтың тамыры- ауылда екен. Сонымен , балалар, «Ауыл»  дегенде  көз  алдарыңа  не  елестейді? – деген  сұраққа  не  деп  жауап  берер  едіңдер?

-Ауылым Жаңаталап елестейді.

-Ауыл – қазақтың  алтын  бесігі, түп  төркіні.

-Aуыл  десе  кең  жайлау,  ағынды  өзен,  асқар  тау  елестейді.

-Ауыл  десе  сиыр сауған  апаларымыз, қымыз  сапырған  әжелеріміз  елестейді.

-Aуыл  десе  асыр  салып  ойнаған  ауылдың  қара  домалақ  баласы  елестейді.

— Ауыл  десе жеті  қанат  киіз  үйі, құрт  пен  майы, ірімшігі  еріксіз еске  түседі.

-Дұрыс айтасыңдар, сендердің осы ой-толғамдарыңды толықтыруды жөн көріп отырмын. Ауыл-ата-бабаларымыздың кіндік қаны мен маңдай тері төгілген киелі мекені, халқымыздың бойына нәр құятын алтын бесігі, қуат алар қайнар көзі. «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз!» дегендей, ауыл көркейсе, халық өмірі, оның әлеуметтік жағдайы көтеріледі.Ауыл – қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өнерін айшықтап,жырдан кесте төккен ақын-жазушыларымыз да, көкірегіне ән қонақтаған әнші, сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз, депутаттар да, министрлер де сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Тіпті Елбасының өзі Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған селосында туып-өскен.

Жарайсыңдар, балалар! Енді ауылымыз жайлы тақпақтар айтамыз.

Оқушы:Туған жер – алтын бесігім,

Тербеттің мені төсіңде.

Жүреді сенің есімің,

Мәңгі де бақи есімде.

Оқушы:Туған жер, туған ауыл қымбат маған,

Ешкімге бұл сезімді былғатпағам.

Мен оның өзім ғана сезінетін,

Қастерлі қасиетін жырлап бағам.

Оқушы:Ауылым – ырысы мол құт мекенім,

Мәңгіге ақ бесігін тербетемін.

Саяңда ойнап, өсіп білім алып,

Алаңсыз асыр салып ер жетемін.

Сергіту сәті:   «Ұшқыр ой»  ойыны
Киіз үй жабдықтары

  • Сиырдың баласы
  • Бүк, шік деген ненің атауы?
  • Қазақтың жаңа жылы
  • Жаңадан сауылған жылқы сүті
  • Сусын құюға арналған теріден жасалған ыдыс
  • Қалыңдықтың бас киімі
  • Анаңның туыстары
  • Жаңа туған нәрестеге арналған бұйым
  • Қазақтың ұлттық аспабы
  • Жаңа туған малдың сүті
  • Түйе баласы
  • Қазақтың қыста жейтін мал еті
  • Атты салт мінгенде не қажет?
  • Айран неден жасалады?
  • Қазақ қыздарының ұлттық бас киімі
  • «Алшы» сөзі ненің атауы?
  • Жылқының ашытылған сүті
  •  Елбасымыздың жолдауы арқасында ауылдарымыз жылдан жылға көркейіп, дамып келеді.- Берілген сөздерден ауыл, туған жер жайлы мақал-мәтелдер құраңдар.

Алтын, ауылым, бесігім. (Ауылым – алтын бесігім.)

Жердей, болмас, туған, жер,

Елдей, болмас, туған ел.(Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.)

Ыстық, жердің, күні де, түні де, туған, ыстық.

(туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.)

— Балалар, сабағымыздың барысында ауылымыз жайлы әңгімеледік.-

 
— Жарайсыңдар, балалар! «Ауылым» әнін тыңдаймыз.

«Ой қозғау»

Әрине,ауылымыздың  күннен күнге көркейіп келе жатқаны  қуантарлық   жағдай. Олай болса,    «Болашақтағы  Жаңаталап  ауылын қалай көргіңіз келеді? Жалпы қалай елестетесіз?

Қорытынды: 
-Ауылым алтын бесігім

Жүрегім, жырым сенікі

Кеңесті далам, кең далам

Тудым өстім есейдім

–деп ақындарымыз жырлағандай, Ауыл гүлденсе бұл қазақ халқының байығанымен тең. Себебі, әрбір қазақ ұл-қыздарының шыққан ортасы ол ауылдық мекендер. Ауылдың түтіні, самал желі, айраны мен құрты, даладағы ас пісіп жатқан ошағы,сарқылдап қайнап жатқан самаурынның шайы, таза ауасы-баға жетпес асыл қазынасы. Осындай ауылдың тұрмыс-тіршілігіне сырттай қарап отырсаң, балалық шақтың өскен ортасын, еш уайымсыз өтіп жатқан күнделікті тұрмыс-тіршілікті әрбір қазақ баласы сағынары сөзсіз. Ауылымыз кеңінен қанат жайып келе жатыр.Қарап отырсақ жолдың арғы бетінен де біршама үйлердің  бой түзеп қалғаны көрінеді.

Қорытынды: Үйде «Болашақтағы менің ауылым» атты шығарма  немесе эссе жазу.

Просмотров: 3070


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст